Меню

20
Бейсенбі,
Наурыз
20
Рамазан
1446 һижри

Рамазан-2025: Он күнде 834 816 адамға ауызашар берілді

Рамазан-2025: Он күнде 834 816 адамға ауызашар берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет хабарлады.

«Рамазан анықтамалығындағы тапсырмаларға сәйкес, өңірлердегі барлық мешіттерімізде «Рамазан – нұр шашқан ай» айдарымен мешіттер безендірілді. Қоғамдық орындарға, көшелерге «Ораза қабыл болсын!», «Рамазан айы құтты болсын!» деген атаумен баннерлер, плакаттар ілінді. Мешіт, дәретхана тазалықтарына жіті көңіл бөлу жұмыстары, мешіт ішіндегі дыбыс күшейткіштерді, микрофондарды қадағалап, кем-кетіктерін реттеу және мешіттерде болып жатқан өрт оқиғаларына байланысты еліміздегі барлық құлшылық орындарындағы электр желілерінің, жылыту жүйелерінің, өрт сөндіру құралдарының жағдайын мұқият тексеру жұмыстары жасалынды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы басталғалы бері мешіттерде алғашқы он күн ішінде 834 816 адамға ауызашар берілді. Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 747 мешітте күнделікті 83 мыңнан астам адамға ауызашар дастарқаны жайылуда. Ауызашарға қарттар, балалар, мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысып келеді.

Айта кетейік, аталмыш мешіттерде Рамазан айының соңғы күніне дейін Алла Тағаладан сауабын үміт етіп ораза тұтқан ағайынға ауызашар беріледі.Сонымен қатар, тарауық намазынан шыққан жамағатқа 3-4 бағытта тегін қоғамдық көліктердің жүруі ұйымдастырылуда. Рамазан айы қарсаңында жарапазан айтудан аудандық деңгейде эстафета ұйымдастырылып қоғамдық орындарда көшелермен сауда орталықтарында жарапазан айту дәстүрі бойынша 81 қала, аудандарда жарапазан эстафетасы өтті. Аталмыш шара әлі де жалғасын табады» деді Нұрбек Әуесханұлы.