Меню

27
Бейсенбі,
Наурыз
27
Рамазан
1446 һижри

Мүфтият Ақтөбеде ауызашар берді (фото)

Мүфтият Ақтөбеде ауызашар берді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе өңірінің зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар мен әжелерге, сондай-ақ көше тазалықшылары, төтенше жағдай қызметкерлеріне және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ауызашар берілді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде Діни басқарма Рамазан айының жиырма күнінде атқарылған іс-шараларға тоқталды. «Рамазан айында атқарылатын құлшылық түрі көп. Алайда соның ішіндегі ең маңыздысы – ораза ұстау. Оразаның мұсылман баласына тигізер мейірім-шапқаты мол. Ораза – Аллаға апарар жол. Ғұламалардан қалған мынадай сөз бар: «Намаз иесін жолдың ортасына дейін жеткізеді. Ораза иесін Алланың есігіне дейін жеткізеді. Ал садақа иесінің қолынан жетектеп, Алланың құзырына бір-ақ апарады». Демек ораза адамды Алламен қауыштырады. Намаз оқыған, ораза ұстаған һәм садақа берген адам Алланың сүйікті құлына айналады», – деді.

Сондай-ақ ауызашар дастарқанында Ақтөбе өңірінің зиялылары сөз алып, Діни басқарманың атқарып жатқан ауқымды істеріне тілектес екенін жеткізді. Кеш соңында ауызашар қонақтарына Рамазан сыйлығы табысталды.