Қауіпсіздік зерттеушісі Джонатан Здзиарски WhatsApp әлеуметтік желісіндегі хаттар қоржынын жойылғаннан кейін де сақталып қалатынын мәлімдеді.
Гетені оқып, исламға келді
Германия оңшыл партиясының Дрезден қаласы муниципалдық кеңесінің мүшесі Вернер Клаун ислам дінін қабылдады.
Мұсылмандар Исламды терроризммен теңестірмеуге шақырды
Ирландия мешітінің имамы БАҚ өкілдерінен террористердің зұлымдық әрекеттерін исламға теңестірмеуге шақырды, деп хабарлайды Irish Times.
Афинада алғашқы мешіт салынады
Греция билігі Афинада салынатын алғашқы мешіттің құрылысына қатысты нақты қадам жасады.
Мысыр халқына Нілдің тартылуынан қауіп төнуде (ФОТО)
Египет халқы Ніл өзенінің уақыт өткен сайын тартылуынан қауіптенуде, деп жазады Independent.
Қырғызстанда бірінші халал турагенттік ашылады
Қырғыз республикасында «all inclusive» туристік қызметін жыл бойына ұсынатын мұсылмандарға арналған туристік агенттік ашылады.
Сәби сүтін беретін автоматтар пайда болды
Сәбилерді қоректендіру мәселесінің ерекше тәсілін Үндістан Медицина университеті ұсынды.
Түркия мешіттерінде жасөспірімдер орталығы ашылады
Түркияда 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Дін істері жөніндегі министрліктің ұсынған ел мешіттерінде жасөспірімдер мен балалар орталығын ашу жоспары іске асырылады.
Дінге тіл тигізіп, қамауға алынды
АҚШ полициясы Массачусетс штаты тұрғынын Бостондағы орталық мешітті өртеп жіберуге шақырып, мұсылман қауымына қоқан-лоққы көрсеткені үшін қамауға алды, деп хабарлайды CBS Boston.
Шөлейтте экологиялық қала салынады
Гүл бейнесіндегі Desert Rose City жаңа экологиялық қаласы Біріккен араб әмірлігінің шөлейтті аймағында бой көтереді.
Обама:Терроризмнің исламға қатысы жоқ
«Радикалды ислам» термині терроризм ұғымына мүлде үйлеспейтін мұсылман дініне тиесілі сөз емес. Бұл жайында АҚШ президенті Барак Обама CBS телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеді.