27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қажылық маусымында Джидда халықаралық әуежайы сағатына кемінде 4300 қажыны қабылдайды. Бұл туралы Абдул Азиз король атындағы Халықаралық әуежайдың Қажылық жөніндегі директоры Халид бин Муслим әл-Харби мәлімдеді.

Меккеде су шашатын құрылғымен жабдықталған 208 қуатты желдеткіш орнатылды. Аталмыш шара қажыларды аптапты ыстықта әлсіреп қалмауларына көмектесу мақсатында қолға алынған.

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері корольдікке келіп түскен қажылардың денсаулық жағдайын жіті бақылауға алды. Мұсылмандардың денсаулығына қарайтын 15 пункт ашылған, деп хабарлайды marwa.ru.

Сауд Арабиясы билігі жаңа ереже енгізді. Оған сәйкес, 45 жасқа толмаған әйелдер қажылыққа жалғыз келуіне рұқсат етілмейді.

Сауд Арабиясында 100 мыңға жуық ер мен әйел 72 сағат ішінде интернет-портал арқылы «Қажылық-2016»-ға тіркеуден өтті. Бұл жайында Қажылық министрлігінің Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс маманы Әли әл-Гамди хабарлады.

Сауд Арабиясы үкіметі корольдікке келуші шетел азаматтарының виза алу бағасын көтерді, алайда үлкен және кіші қажылыққа алғаш рет келушілер үшін виза шығынын эр-Рияд толығымен көтереді. Бұл жайында министрлер кабинеті отырысы қорытындысында мәлім болды, деп жазады РИА «Новости».

Нигериялық 3 жасар Мұхаммед Шамсуддин Алию тарих бетіне Құранды жатқа білетін ең жас хафиз болып енді. Балақай қасиетті Құран Кәрімді толықтай жаттап шыққан.