22
Жұма,
Қараша

һижри

Балабақшаларда доңыз майы бар тағам қолдануға тыйым енгізілуде

Балабақшаларда доңыз майы бар тағам қолдануға тыйым енгізілуде

Жаһан
Жарнама

24 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Лейпциг (Саксония) балабақшаларында құрамына доңыз майы қосылған түрлі шұжықтар, тартылған ет пен шницельдерден бас тартуда, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Өзгеріп жатқан қоғам сұранысына сәйкес шілденің 15-нен бастап балабақшалар құрамында доңыз майы бар өнімдерге тапсырыс бермейтін болды» деген хабарлама балабақша әкімшіліктері тарапынан барлық ата-аналарға жеткізілді. Сонымен бірге тәттілерге қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді құрамында желатині бар тәттілер ас мәзіріне қосылмайды, мысалы, Алманияда кеңінен тараған Gummibärchen мармелады. Аталмыш балабақшаларға барлығы 300 бүлдіршін барады.

«Егер тек қана бір жанұя діни сеніміне байланысты доңыз майын қолданбайтын болғанда, оған деген құрметімнен бәрібір осы ережелерді енгізген болар едім», - деді ереже енгізілген балабақшалардың бірінің меңгерушісі Вольфганг Шефер.

Бөлісу: