22
Жұма,
Қараша

һижри

101 жастағы ең қарт мұсылман қажылық парызын өтейді

101 жастағы ең қарт мұсылман қажылық парызын өтейді

Жаһан
Жарнама

24 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 101 жасар ақ жаулықты кейуана Атаар Биби Сауд Арабиясына қажылық міндетін өтеуге келді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қажылық парызын орындауға келген ең жасамыс мұсылманды Мәдина аэропортында Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің өкілдері қарсы алды.

Атаар Бибиге серік болып 60 жасар ұлы мен қызы да қажылыққа келді.

Айта кетейік, осы жылғы қажылық маусымы 9-14 тамыз аралығында өтеді.  

Бөлісу: