7 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Сауд Арабиясының уақытымен түнгі 10-да Қазақстаннан ұшқан соңғы рейс Джиддаға келіп қонды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Осылайша 400 қажыны Джидда қаласындағы Консулдық өкілдері мен Қазақстан қажылық миссияның жұмыс тобы күтіп алды.
Әуежайдан түскен бойда арнайы көліктермен Меккеге жеткізілген қажыларды ұйымдастыру тобы қонақүйлерге орналастырды. Енді бірер күннен соң елден келгендер үлкен қажылығын өтеуге кіріседі.
Еске салсақ, биыл елімізден 3200 қазақстандық қажылығын өтеуге келді.