21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

БҰҰ Бас хатшысы діни алауыздыққа қарсы тұруға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы діни алауыздыққа қарсы тұруға шақырды

Жаһан
Жарнама

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – БҰҰ алғаш рет дін және наным-сенім негізінде қуғынға ұшырап, зардап шеккендерді еске алу күнін атап өтті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш дін арқылы алауыздық туғызып, қақтығыс тудырушыларға қарсы тұруға шақырды. Себебі діни орындардың шабуылға ұшыруы барған сайын көбеюде. Мысалы, соңғы бірнеше айда Шри-Ланка мен Буркина-Фасодағы шіркеулерде, Жаңа Зеландиядағы мешітте, АҚШ-тағы синагогада лаңкестік әркеттер болды.

АҚШ-тың діни ұйымдары зұлымдықпен бейбіт негізде күресудің маңыздылығын айтады. Олар бұл орайда Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қолдау білдіріп, дүниежүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға көп еңбек сіңіріп келе жатқанын алға тартты.

– Лаңкестік пен өзге де зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсы тұру қажет. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі сынды кездесулерді өткізу өте маңызды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ядролық қарусыздану, ұлтаралық келісім сияқты көптеген бастаманы қолға алып, әлемдегі беделі артты. Сіздің елдің ұстанымдары көп мемлекетке үлгі, - дейді АҚШ діни көшбасшылары форумының өкілі Роберт Брешью.

Бөлісу: