23
Сәрсенбі, Қазан

һижри

Алмания мешіттері барлық конфессия өкілдері үшін ашық есік күнін өткізді

Алмания мешіттері барлық конфессия өкілдері үшін ашық есік күнін өткізді

Жаһан
Жарнама

9 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Алманияда мұсылмандар жайындағы қате көзқарасты сейілту және әр түрлі діни сенім өкілдері арасында диалог қалыптастыру мақсатында мемлекет бойынша барлық мешіттерде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Елдегі ең үлкен мешіт саналатын Кельн қаласының орталық мешітіне бірнеше жүздеген басқа дін өкілдері келіп Ислам  және мұсылман дәстүрлері жайында көкейлерінде жүрген сұрақтарын сұрады.

Берлиндегі Сехитлик имамы мешітінде балаларымен бірге келген ата-аналар Ислам діні туралы, оның құндылықтары, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сұрақтарына жауап алды.

Мешіттерде ашық есік күнін жылда Алмания бірлігі күнінде өткізу дәстүрге айналған. «Анадолу» агенттігінің хабарлауынша ұйымдастырушылары елдегі ірі мұсылман ұйымдарының басын біріктіретін Мұсылман Координациялық Кеңесі платформасы.

Бұл жылы ашық есік күні мемлекеттегі 1000-нан аса мешітке шамамен 100 000-нан аса басқа дін өкілдері  келді.

Алманияның халық саны 81 миллион, ал мұсылман тұрғындарының саны жағынан Батыс Еуропада Франциядан кейін 2-орында тұр.

Бөлісу: