23
Сәрсенбі, Қазан

һижри

Ресейдің Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды

Ресейдің Түмен облысында қазақ сыныбы ашылды

Жаһан
Жарнама

11 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ресей қазақтарының тілін үйренуге деген ынтасы зор, деп хабарлайды bugin.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

9 қазан күні Түмен облысының Упорово ауылында қазақ сыныбы ашылды. Әзірше патриоттық тәрбие беретін мекеменің ішінен ашылған қазақ сыныбына алдағы уақытта жеке ғимарат беріледі деп отыр жергілікті әкімшілік. Онда қазақтың тілі мен мәдениетін үйретілетін болады.

- Қазақ сыныбының ашылуына Упорово ауданының әкімі Леонид Сауков қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Қазақ сыныбын ұйымдастыруға атсалысқандардың бірі Ішкі істер министрлігінің отставкадағы полковнигі Төлеген Құдайбергенов. Ол кісі өзі басқаратын "Патриоттық одақ" мекемесінен сынып ашуға қол ұшын берген.

Сыныпта 25 оқушы бар. Ауданның әр ауылдарынан келіп оқиды. Сабақ аптасына екі рет болады. Мұғалімі – Қазақстанда педагогикалық білім алған Мейрамгүл Айткүженова.

Түмен облысында арнайы қазақ сыныбының ашылып отырғаны – бұл бірінші рет. Бұған дейін болмаған.

Айта кеткен жөн, осыдан үш күн бұрын Ресейдің Қорған облысында да қазақ сыныбы ашылған болатын.

Бөлісу: