12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бөлім басшысы әлемдік ғұламалар конференциясында (ФОТО)

Бөлім басшысы әлемдік ғұламалар конференциясында (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  Каир қаласында Мысыр мемлекеті президентінің қолдауымен және Мысыр пәтуа бөлімінің ұйымдастыруымен «Фиқһи тартысты мәдениетті түрде шешу» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Конференцияға 83 мемлекеттен муфтилер мен дін жөніндегі министрлік өкілдері, елшілер, Ислам әлемінің көрнекті ғалымдары қатысты.

Еліміз тарапынан аталмыш конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы барды.

Екі күнге созылған конференцияда фиқһи тартыстарды мәдениетті түрде шешу, сондай-ақ пәтуа беруге қатысты көптеген мәселелер қаралды. Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан елдерінің әрбір мүфтилігінен бір адамнан осы жиынға мүше етіп тағайындау керектігі жөнінде ұйымдастырушы тарапқа ұсыныс айтылды.

Мысыр елінің қолдауымен өткен бұл конференцияның мұсылман әлеміне ғана емес бүкіл адамзатқа берер пайдасы мол.

Сансызбай Құрбанұлы сапар аясында Мысыр елінде оқып жатқан Қазақстан студенттерімен кездесіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізді.

0x0 13

0x0 15

Бөлісу: