19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған фестиваль өтті

Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған фестиваль өтті

Жаһан
Жарнама

22 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мерекелік фестивальге Ресейдің жергілікті он бір түркі халқының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған алғашқы фестиваль Мәскеу қаласында өтті. Көшеде алтайлықтар, құмықтар, қарашай-балқарлар, тувалықтар, хакастар, чуваштар мен якуттардың ұлттық ерекшелігін әспеттейтін шатырлар орнатылды.

Сондай-ақ қолөнер шеберлерінің өнімдері, дәстүрлі аспаптарда шебер ойнаған өнерпаздар, ұлттық ойындар мен бірнеше сағатқа созылған фольклорлық концерт жәрмеңкенің сәнін келтіріп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Келген қонақтар татар халқының чак-чагынан, башқұрт елінің балынан дәм татып, ноғайлар дайындаған шәймен шөлдерін қандырды.

Ал балаларға арнайы шатырлар тігіліп, ол жерде түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен бірге қатысушылар ұлттық күрес үлгілерін тамашалады.

Аударған Индира Жұмабекқызы

7ea16131979a59d44aaa6c5eced25c2f XL

Бөлісу: