19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Мұсылман туристер үшін ең тартымды ел

Мұсылман туристер үшін ең тартымды ел

Жаһан
Жарнама

31 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сингапурда 17 қазан күні өткен Halal in Travel Asia саммитінің аясында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы туризм саласындағы қауіпсіздік және діни төзімділік тұрғысынан алғашқы ондыққа кіретін елдердің тізімін жариялаған еді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Көш бастаған алғашқы 10 елдің қатарынан көрші Өзбекстан елін де көруге болады, нақтырақ айтсақ, Өзбекстан 8-орында.

«Саяхаттаушы мұсылман әйел – 2019» («Muslim Women in Travel 2019») есебі әлем бойынша алғаш рет мұсылман әйелдердің қауіпсіз саяхаттауына ыңғайлы елдерді саралайтын сауалнаманың нәтижесінде жасалды. Сауалнамаға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен 3300 әйел қатысты.

«Mastercard» және «CrescentRating» агенттігінің дайындаған есебі бойынша мұсылман әйелдерге ең қызықты елдердің қатарында Өзбекстан да бар. Бұл жайында ақпаратты Өзбекстанның туризмді дамыту бойынша Мемкомитетінің баспасөз қызметі таратты.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: