19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Имам «ерекше» мұсылмандарға дәріс өту үшін ишара тілін үйренді

Имам «ерекше» мұсылмандарға дәріс өту үшін ишара тілін үйренді

Жаһан
Жарнама

15 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркиядағы Муғла провинциясының имамы есту-сөйлеу қабілеті нашар мұсылмандарға дәріс өту үшін ым тілін үйренді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Акйол мешітінің имамы Идрис Сары мүгедек мұсылман бауырлармен етене жақын араласу үшін осындай қадам жасағанын айтты. Ол ишара тілін қоғамдық оқу орталығында 3 ай бойы үйренген. Қазір жұма уағыздарында ым тілін қолданып жүр.

«Бастапқыда мешіт жамағатына бұл ерсі көрінгенімен, арамызда есту-көру қабілеті нашар мұсылмандардың көбейгенін байқаған соң бұл әдістің дұрыс екенін құптады», - дейді Сары. Сондай-ақ, ол «ерекше» мұсылмандарға аптасына екі рет Құран сабағын өтеді.

Аударған: Индира Жұмабекқызы 

Бөлісу: