20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман әйелдің ерлігі

Мұсылман әйелдің ерлігі

Жаһан
Жарнама

26 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еврей отбасын бұзақының шабуылынан қорғаған  мұсылман әйел Лондон қаһарманына айналды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Оқиға солтүстік бағытта жылжып бара жатқан метроның ішінде болған. Видеотаспаға жазылып қалған бейнеден бөтен ер адамның баламен отырған жолаушыға тиісіп, қорқытып жатқанын көруге болады. Отбасына Асма Шувейх есімді мұсылман әйел араша түсті. Кейін Асманың айтуынша, жолаушының қолындағы балаға алаңдап, жанжалға араласқан. Кішкентай балаға қайта-қайта тиісуін қоймағанын беймаз бұзақы қазір бүлдіршінге қарсы күш қолданып кете ме деп үрейленген.

Ролик ғаламторда тез таралғаны сонша, ол 5 миллион рет қаралған. Ал твиттерде 20 000 рет бөліскен.

Күдікті кейіннен Бирмингемде ұсталды. Оған қоғамдық орындағы тәртіпті бұзды деген айып тағылып отыр.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: