09
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Бас мүфти Өзбекстан сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді (ВИДЕО)

Бас мүфти Өзбекстан сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

5 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапары бойынша «24 Хабар» телеарнасы, «Хикмет» телерадиостудиясы мен өзбекстандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді, деп хабарлайды ӨМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Алғашқы ресми сапарымды көрші елден бастадым. Өзбекстан – Қазақстанның Орталық Азиядағы ең жақын сенімді серіктесі. Қазақ-өзбек – бағзы заманнан бауырлас ел. Бізді біріктіретін құндылықтар көп. Діни мектебіміз бен мәзһабымыз бір. Біздің халқымызда «Көршіні Құдай қосады, досты таңдайсың» деген сөз бар. Өзбекстан мүфтиі Усмонхон қажы Алимовпен кездесуде қазіргі жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, діни мерекелерді бір күнде атап өту, ортақ пәтуалар қабылдау, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеу, бауырлас елдердің дін қызметкерлерінің білімін арттыру, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру, Матуриди сенім мектебі мен Әбу Ханифа мәзһабын халыққа насихаттау, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру сынды ортақ келісімдерге келдік» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

uzbe

uzbe

int1

samar5

samar5

int2

int2

int2

 

Бөлісу: