24
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетті

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетті

Жаһан
Жарнама

23 июня. Нур-Султан. Ummet.kz – Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.
Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі жариялады.

Бөлісу: