25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қажылық мезгілінде қасиетті мекенде коронавируспен ауырған бірде-бір кісі тіркелмеді

Қажылық мезгілінде қасиетті мекенде коронавируспен ауырған бірде-бір кісі тіркелмеді

Жаһан
Жарнама

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қажылық мезгілінде қасиетті мекенде бірде-бір адам коронавирус індетімен ауырып  тіркелмеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сауд Арабиясында пандемияға байланысты мұсылмандар биылғы қажылық парызын қатаң шарттар аясында өтеді.

Жылда 180 мемлекеттен 20 млн-нан аса мұсылман жиналатын қасиетті мекендегі қажылық рәсіміне биыл 10 000 кісі қатысты.  Шетелден келушілер ағыны ел ішінде COVID-19 жұқпалы дертін ушықтырады деп қауіптенген Қажылық министрлігі тек жергілікті әр түрлі мұсылман ұлт өкілдерінің белгілі бір бөлігіне ғана қажылық міндетін орындауға рұқсат етті.

Парызын өтеуге рұқсат алғандар өзара қашықтықты сақтап, мезгіл-мезгіл дене ыстығын өлшетіп тұрды. Осындай қатаң шектеулердің нәтижесінде қажылық күндерінде қасиетті орындарда коронавирус дертіне шалдыққан бірде-бір кісі тіркелмеген. Бұл жайында Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Қажылық Ислам дініндегі  бес парыздың бірі. Оны Меккеге барып-қайту жол шығынын әрі жолаушылықты көтере алатын әрбір мұсылман өмірінде кем дегенде бір рет өтеуі керек.

Бөлісу: