23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Мешіт қызметін қадағалау күшейтіледі

Жаһан
Жарнама

Әзірбайжан мешіттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Бұл туралы елдің Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік комитеті басшысы Мубариз Гурбанлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, енді әр мешітте бейнебақылау камералары қойылатын болады. Сонымен қатар, комитет басшысы мешіт имамдарының қызметіне де қадағалау жүргізіліп, экстремизм насихатына қарсы күрес жүргізе алмайтын дін өкілдері жұмыстан шығарылатынын айтты.

«Егер оларға (дін қызметкерлеріне) қысым көрсетілсе, тиісті құзыретті мекемелерге, құқыққорғау органына хабарласуы керек. Мәселені аяқсыз қалдырмаймыз» деп атап өтті М.Гурбанлы. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: