29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ұлттық есімдер қою талап етіледі

Жаһан
Жарнама

Тәжікстанда «ұлттық сипаты бар» есімдер тізімі әзірленуде. Енді ата-аналар жаңа туылған сәбилеріне осы тектес есім қоюы керек. Бұл туралы Ca-news ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған тізімде 3 мыңға жуық тәжік есімдері бар. «Тәжіктендіруге» халық аталмыш құжатқа сәйкес Азаматтық жағдайды мемлекеттік тіркеу актілері туралы заң жобасы мақұлданғаннан кейін көшеді.

Қазіргі уақытта жаңа туылған сәбилерді тіркеу кезінде АХАж қызметкерлері ата-аналарға ұлттық есімдер брошюрасын ұсынуда. Әзірше ұсыныс ретінде қолданысқа енген бастама заң жобасына қол қойылған күннен бастап өз күшіне ие болады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: