28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Британ мұсылмандарының патриоттығы үстем түсті

Жаһан
Жарнама

Британ мұсылмандарының елге деген сүйіспеншілігі өзге тұрғындарға қарағанда анағұрлым басым түседі. Әлеуметтанушы мамандар осындай мәлімет жария етті.

ICM ұйымы жүргізген кең көлемді сауалнамада белгілі болғандай, сұрақтардың басым бөлігі бойынша британдық мұсылмандардың көзқарасы жалпы халықтан ерекшеленбейді, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

Сауалнамаға қатысқан мұсылмандардың 86%-ы өздерін Британияның бір бөлшегі санаса, бұл пікірді өзге тұрғындардың 83%-ы ғана ұстанған. Британдық мұсылмандардың 91%-ы Отанға деген сүйіспеншілігі ерекше екенін айтса, жалпы халықтың 76%-ы өздерін патриот санайды екен.

Мұсылмандардың 88%-ы Британияны өздері үшін жайлы мекен санайды, 78%-ы британдық қоғамға сіңісе алатынын айтады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: