28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Тұңғыш «Ислам атласы» жарық көреді

Жаһан
Жарнама

Ресейде әлем тарихында тұңғыш рет «Ислам атласы» жарық көрмек. Бұл кітапта адамзат өркениетінің дамуында өлшеусіз ықпалы бар ислам дінінің мән-маңызы, таралу кеңістігі мен тарихы туралы мәліметтер қамтылады.

Жоба жұмысы 18 ай уақытты талап етеді. Атласты әзірлеу барысында жүздеген карта, фотосуреттер мен өзге де көркемдік материалдар қолданылмақ.

Мамандардың айтуынша, аталмыш жиынтыққа ұқсас туынды әлемде, әзірше, жоқ. «Ислам атласы» әлемдік ғылым саласында – шығыстану, исламтану мен картография ғылымында ерекше құбылысқа айналады.

Жоба атлас және карта басылымында тәжірибелі «Интергрупп» баспа-продюсерлік орталығы» картографиялық компаниясының бастамасын қолға алынған.

Ерекше басылым Федерация кеңесі, Мемлекеттік дума, Федералды ведомство, академиялық және білім беру институттары мен университеттерінің қолдауымен Ресей географиялық қоғамының жетекшілігінде жарияланады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: