20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сингапур мешіті жаңартылды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Сингапурде «әл-Фалақ» мешіті қайта жаңартылып, ашылды. Жылға жуық уақыт кеңейту жұмыстары жүргізілген мешітке енді екі мың адам сияды.

Айта кету керек, «әл-Фалақ» мешіті Сингапур мешіттерін жетілдіру бойынша ауқымды жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында жаңартылды.

Сингапур билігі осы жоба арқылы қала-мемлекеттегі мұсылман қауымдастығының әлеуметтік-діни ахуалын көтеруді көздеп отыр.

Жобаның бірінші кезеңін іске асыру аясында алты мешіт, екінші кезеңде 11 мешіт қайта өңдеуден өтті.

«Әл-Фалақ» мешітін кеңейту жұмыстарына 2,5 млн доллар жұмсалған. Қаражаттың тең жартысынан көбін демеушілердің, қалған бөлігі мұсылмандардың ортақ қаражатынан жиылған.

Жаңартылған мешіт енді барлық мұсылмандарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орнатылған пандус пен лифтілер арқылы қабылдай алады.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: