24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Бішкекте Құран орталығы ашылды

Жаһан
Жарнама

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында «Хазрет Омар» атындағы мешіт жанынан Құран үйрену орталығы ашылды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың ашылу салтанатына Бішкек қаласы қазиы Садридин Маджитов қатысып, айтулы күнмен барша мұсылмандарды құттықтады.

Имам хатиб Летип Лансаров өз сөзінде аталмыш орталықтың қоғамдағы дін туралы оң көзқарастың қалыптасуына, дінді дұрыс үйренуге ықпал ететіне сенім білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: