10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ван Дамм: «Мұхаммед пайғамбар өте ақылды еді. Бізге не пайдалы екенін жақсы білді» (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Әлемге әйгілі киноактер Жан-Клод Ван Дамм араб телеарналарының біріне берген сұхбатында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасын айтып берді.

Оның айтуынша, дұрыс тамақтануға байланысты Мұхаммед пайғамбар енгізген мұсылман қағидалары деннің саулығын ойлаған әрбір жан үшін өте дұрыс таңдау болмақ.

«Исламдағы тамақ ішуге байланысты не айтылғанына назар салыңыздар... Мұхаммед пайғамбар өте ақылды адам еді. Ол адамзатқа не пайдалы екенін өте жақсы білген. Сол себепті, дұрыс тамақтану туралы менен сұрамаңыздар. Тарихқа үңіліңіздер, пайғамбар сөздерін тыңдаңыздар, іздегендеріңізді табасыздар» деді Ван Дамм.

{youtube}oHBNwXlyXOA{/youtube} 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: