16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Бішкектік әйел тегін нан таратады (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Бішкектің азық-түлік дүкендерінің бірінде күн сайын отызға жуық адамға тегін нан таратылады. Игі бастаманы есімінің жария болмауын өтінген қала тұрғыны көтерген.

«Аты-жөнін жария етпеуді өтінген әйел күн сайын дүкен сөресіне мұқтаждарға арнап нан толтырып қояды. Сұхбат беруден бас тартты. Ол тек кедей-кепшіктерге көмектескісі келеді» дейді дүкен сатушысы.

Игі істі атқару үшін ай сайын аты белгісіз әйел дүкенге 95 мың теңге шамасында қаражат береді. Бұл күн сайын 30 нанды тегін таратуға жетеді. Тегін нан негізінен зейнеткерлерге таратылады.

 

 

{youtube}aXtYvBWDmUg{/youtube}

 

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: