26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Теңіздегі таңғажайып қала» салынады

Жаһан
Жарнама

Алдағы қазан айында Дубайда теңізде жүзетін қаланың құрылысы басталады. Бұл әлемде өзіне ұқсас сәулеті кездеспейтін ерекше қала болмақ.

Суасты қаласы тұрғын үй виллалары мен бірнеше мейманханалардан тұрады. Қала «Еуропа жүрегі» деп аталмақ, ал оның құрылысына 800 миллион доллардан аса қаражат кетеді.

Құрылыс жобасына сәйкес, су астында «қаланың» төменгі қабаттары орналасады. Екінші қабаттар теңіз деңгейімен теңеседі, ал үшінші қабатта – су үстінде.

«Таңғажайып қалада» 75 жеке үй секторы, 6 көпқабатты үй, 6 қонақүй, 6 жүзетін сарайлар мен 6 маяк болады. Сонымен қатар, көптеген сауда-ойын сауық инфрақұрылымдары қамтылады.

Ал әр ғимаратта халыққа қызмет көрсететін арнайы команда жұмыс істейді.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: