25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Он сегіз жылдан соң ашылған мешіт (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Шешенстан Республикасы Памятой ауылында құрылысы он сегіз жылға тоқтап қалған мешіт ашылды.

Игі іске ұйытқы болған жергілікті меценат қайтыс болғаннан кейін,  Мешіт құрылысы 2011 жылы тоқтап қалған.

Биылғы жылдың ақпан айында Шешенстан президенті Рамзан Қадыров ауылға ат басын тіреп, мешіт құрылысын қысқа уақыт ішінде аяқтауға уәде етті. Барлық қаражат Ахмат Қадыров қорының есебінен бөлінді.

Жаңа мешіттің ашылуы туралы қазіргі уақытта Шешен елінің басшысы қызметін атқарушы Р.Қадыров әлеуметтік парақшасында мәлім етті.

Мешіттің жалпы аумағы – 720 шаршы метр. Сыйымдылығы 400 адамға арналған. Сонымен қатар, мешіт жанынан 300 шәкіртке білім беретін медресе жұмыс істейді.

 

 

{youtube}9eyY7xMKOc8{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: