26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мәскеу мешіттерінде велотұрақ орнатылады

Жаһан
Жарнама

Мәскеу қаласының екі мешіті алаңында – орталық және мемориалды мешіттерінде арнайы велосипед тұрақтары орнатылады.

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, велотұрақ мәселесі жергілікті жамағаттың сұраныстарына байланысты қолға алынуда. Қала мұсылмандары бірнеше рет мешіт әкімшілігінен осыған байланысты өтініш білдірген. Әсіресе, қала тұрғындары велосипедпен жүргенді құп көретін жаз маусымында, Рамазан айында тарауихқа келушілер үшін бұл өзекті мәселеге айналады.

«Бұл қоғамдағы кейбір кедергілерді шешуге көмектессе, өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Қала инфрақұрылымына да оң әсер етеді» дейді жаңа жоба жетекшілері. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: