29
Жұма,
Наурыз

һижри

Фатима қажы мешіті қалпына келтіріледі

Жаһан
Жарнама

Сингапурде «Пизан мұнарасы» аталып кеткен Фатима қажы мешіті қалпына келтіріледі. Мешіттің ерекшелігі мұнарасының 6 градусқа қиғаш тұрғызылуында.

Мешіт ғимараты мен мұнарасын қалпына келтіру жұмыстарына 500 мың доллар қаражат бөлінді, деп жазады Straits Times.

Қиғаш мұнаралы мешітті қалпына келтіру жобасы Ұлттық монументтер қоры – мемлекеттік ведомствасы арқылы қаржыландырылып отыр. Елдің тарихи-мәдени маңызды ескерткіштерімен қатар көпке белгілі мешіт те мемлекет қамқорлығына алынған.

Қайырымдылық комитеті төрағасы Мұхтар Альсаговтың айтуынша, тарихи мешіттің қалпына келтірілуі мұсылман қауымына демеу болып, шетел меймандарының да қызығушылығын тудырады.

Мешіт мұнарасы көлбеу тұрғызуды архитекторлар өзіндік ерекшелік ретінде ойластырған. Аймақтағы ылғалдылық салдарынан мешіт ғимараты мен мұнарасына соңғы уақытта нұқсан келе бастаған. Ендігі құрылыс жұмыстары мұнараның формасын өзгертпей, мешітті тұтасымен бастапқы қалпында жаңа материалдармен бекітіп шығады.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: