20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Ярдәм» қоры қызметімен танысты (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Татарстанның Болгар қаласында өткен «Ізгі Бұлғар жиынында» дәстүрлі шараға жиылған жұртшылықтың санына есеп болмады.

Ашық аспан астындағы музей кешені шағын қалашық саналады. XIV ғасырға тән архитектуралық ескерткіш те осында. Аталмыш кешенде дәстүрлі бұлғар сәулет өнерін паш ететін көркем экспозициялар мен әлемдегі ең ірі Құран қолжазбасы да бар. Жиынға Қазақстан атынан барған ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы құрметті меймандармен қатар тарихи музей туындыларымен танысты.

Болгар қаласына жақын маңда орналасқан ислами рухани кешен мен этнографиялық қалашықтың негізгі құрамына Ақ мешіт, медресе мен муфти резиденциясы кіреді. Екінші бөлігінде нан музейі, құдық, қолөнер шеберханалары мен т.б. орналасқан.

Мәртебелі меймандардың қатысуымен өткен жиында Татарстан Республикасы президенті Рустам Минниханов Ақ мешітті салтанатты түрде ашты. Президент өз сөзінде ислам дінінің татар халқы үшін маңыздылығына тоқталып, Бұлғар тарихи кешенін жаңғырту жобасын жүзеге асыру туралы ойларын айтты. Ал ислам ынтымақтастығы ұйымының хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу қиыр солтүстіктегі Волга Бұлғары топырағына ислам діні мемлекеттік дін ретінде жеткенін атап өтті.

Осы күні ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Ярдәм» ұлттық ислами қайырымдылық қорында болды. Кеңес төрағасы Илдар Баязитов наиб мүфтиге қайырымдылық қорының тыныс-тіршілігін таныстырды. Мекеменің ақпараттық-баспа орталығы, сауықтыру бөлмелеріндегі ауқымды жұмыс барысын баяндаған И.Баязитов қордың мүгедектікке шалдыққандарға, кемтар жандарға бар мүмкіншілік шегінде жәрдем беретіндіктерін, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен арнайы жұмыс жүргізілетінін жеткізді. 

Наиб мүфти Н.Тағанұлы өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел аумағында атқарылып жатқан игі шаралар, қайырымдылық жобалары мен дін құндылықтарын насихаттау мақсатында қолға алынған бағдарламалар жайында айтып өтті.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: