17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман режиссер: Американы Колумб ашпаған

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясының кинорежиссері Халид Әбуалхайр «Біз Американы Колумбтан бұрын аштық» атты деректі фильм түсірді.

Аталмыш фильмде бірқатар ғалымдар мен тарихшылардан сұхбат ала отырып, автор Американы Колумб ашпағанын дәлелдемек.

Режиссер бір жарым жылдан бері әлемді аралап, америка топырағында болған мұсылмандар туралы деректерді жиды.

«Қалыптасқан теориядан бөлек ғылыми фактілер де бар. Қазіргі теория тұрғылықты америкалықтар Амеркаға 16 000 жыл бұрын қол жеткізген дегенді айтады. Ал басқа деректерде бұр құрлыққа ирландтықтар алғаш келгені баяндалады. Африкалықтар мен қытайлықтардың да солтүстік контингентке табан тірегені туралы да мәлімет бар. Дегенмен, мен Андалусия мен Малиде сақталған тарихи құжаттарға тоқталғанды жөн санадым» дейді Халид.

Деректі фильмде Испания, Португалия, Бразилия, Марокко, Сенегал мен Мали мемлекеттерінің беделді университеттерінің ғалымдары мен профессорларының пікірлері қамтылған.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: