26
Жұма,
Сәуір

һижри

Мекке: Бес миллион адамға ауызашар таратылады

Жаһан
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында Мекке қаласында бес миллион адамға ауызашар тамағы және осынша көлемде ауыз су бөтелкесі таратылады.

Ас-тағамдарды таратуға қайырымдылық қорларымен бірлескен 270 ерікті жұмылдырылмақ.

Ауызашардың негізгі бөлігі әл-Харам мешіті ауласындағы қажыларға таратылады, сондай-ақ тегін сәресі астары мен дәрігерлік көмекті Джидда қаласындағы Әбдел Әзиз король атындағы халықаралық әуежай мен өткізу бекеті қамтамасыз етеді.

Айт кетсек, өткен жылы Рамазан айында Меккеде алты миллион адамға тамақ беріліп, 17 миллион бөтелкедегі су таратылған болатын. 

 ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: