25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Түркия мұсылман күнтізбесін біріздендіруге шақырды

Жаһан
Жарнама

Сенбі күні, 28 мамырда Түркия дін істері басқармасы мұсылман мерекелерінің әртүрлі уақытта өтуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Түркия дін істері басқармасының басшысы Мехмет Гормез Ислам күнтізбесін біріздендіруге арналған конференция барысында баяндама жасап, мұсылман халқының атаулы мерекелеріне қатысты мәселелерді көтерді.

Ол ислам елдерінде әсіресе Рамазан айының әртүрлі уақытта, үлкен айырмашылықта аяқталатынын тілге тиек етті. Конференцияға елуге жуық елдің, бұл қатарда Түркия, Малайзия, Парсы шығанағы мемлекеттері, Мысыр мен Америка Құрама Штатының өкілдері қатысты.

Аталмыш съезд ислам елдерінің астроном ғалымдарының басын қосып, мұсылман күнтізбесін біріздендіру мәселесін талқыланды. Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмус мұсылман қоғамындағы әркелкілікке алаңдаушылық білдірді. «Бүгінде Таяу Шығыстағы үлкен үш халық – түрік, араб, күрді мен парсылар арасында үлкен айырмашылықтар бар» деді ол.   

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: