06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Құран оқығанға бензин тегін беріледі (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Индонезияда жергілікті халықтың Рамазан айында Құран Кәрімге көбірек ден қоюына бағытталған игі бастама қолға алынды, деп жазады The Siasat Daily.

Pertamina мемлекеттік мұнай компаниясы жанармай бекетінде Құранның әр парағын оқығаны үшін 2 литр бензинді тегін тарата бастады.

Аталмыш акция үшін бекетте арнайы орын әзірленген. Бұдан бөлек, мұнда намаз оқуға да жағдай жасалған.

«Мен тегін бензинді осымен екінші рет алдым – Құранды жарты сағат оқыдым. Шынында, әр күні осы жерде Құранды бұлайша оқып тұрар болсаң, ораза біткенше Құранды толық аяқтап шығуға болады. Ал, қосымша көлігіңді де бензинге толтырып береді» дейді акцияға қатысушы Джакарта тұрғыны Моетаваккир.

 

{youtube}qnLSnQM_jdM{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: