06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Әмірлікте ең үлкен мешіт ашылады

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінің солтүстігіндегі Рас-әл-Хаймада жуық уақытта жаңа үлкен мешіттің ашылу салтанаты өтеді, деп жазады Khaleej Times басылымы.

Сұлтан бин Сакра әл-Касими атындағы мешіт құрылысына 6 миллион доллар қаражат жұмсалған. Мешіт қаланың орталығында орналасқан. Жоспар бойынша құлшылық ордасы Құрбан айт қарсаңында ашылады.

Екі қабатты мешітте бір уақытта 3 мың адам намаз оқуына мүмкіншілік бар. Сондай-ақ ғимаратта оқу орталығы, кітапхана, әйелдер залы, тұрмыстық жайлар мен дәретханалар бар. Мешіт территориясы автокөлік тұрағымен қамтамасыз етілген.

Мешіттің әрқайсысы 62 метр болатын екі мұнарасы бар. Айта кету керек, жаңа мешіт ғимараты Осман үлгісінде салынған ерекше сәулет туындысы саналады.

Қазіргі уақытта мешіттің ішкі жұмыстары аяқталуға таяу.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: