30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман қыз-келіншектеріне арналған спорттық киім шықты

Жаһан
Жарнама

Қырғызстанда мұсылман қыз-келіншектеріне арналған спорттық киім-кешектер шығарыла бастады. Бұл жайында жоба жетекшілерінің ел астанасы Бішкекте өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

Жаңа спорттық киімдер мұсылман дінінің дәстүрлі талаптарына сәйкес келеді. Форманың жеңі ұзын, шалбары да қолайлы, бұл әйел азаматшаның намаз оқуына ды ыңғайлы жағдай жасайды.

«Бұл киімді күнделікті өмірде киюіне де болады. Спорттық киімдер көпшілікке қол жетімбі бағада. Шамамен 30-90 доллар аралығында. Бағасы сапасына сәйкес болады, материалдарын мамандар жіті таңдаудан өткізген» дейді киім өндіруші компания басшысы Сергей Быковский.

Айта кетсек, бұл игі бастама Қырғызстан мүфтияты тарапынан да қолдауға ие болған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: