17
Жұма,
Мамыр

һижри

Мұсылман жігіт 17 адамды ажалдан арашалады

Жаһан
Жарнама

27 жасар күзетші Ахмад Авад Анзи Сауд Арабиясындағы Халид король емханасында орын алған өрттен 17 адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Al Arabiya.

«Клиникада өрт шықты деген хабарды естігенде біз әріптесіміз екеуміз дереу сонда жеттік. Қою түтінді көргеннен кейін қасымдағы серігіме өрт сөндірушілерді шақыруды өтіндім. Алайда, олар жеткенше қарап тұра алмадым. Себебі, емхана ғимаратында қаншама әйелдер, балалар бар. Көйлегімді сулап, оны бетімен таңып алдым да ішке кірдім» дейді ол оқиға жайында.

Ержүрек жігіт емхананың барлық дәрігерлері мен емделушілерін сыртқа алып шықты. Дегенмен, уақиға мұнымен аяқталмапты. Ішкі жақтағы бөлмеде тағы бір медқызметкер қалып кеткенін белгілі болды. Ахмат жалыны күшейген өрттен қаймықпай, қайта оралып, оны да құтқарады. Ұзақ уақыт түтінге уланған өзі соңыра есінен танып, госпитальға жөнелтілді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: