Барселонада өткен Жерортa теңізі экономикасы конференциясына қатысушылар халал сауда нарығының әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.
Мәселен, Nestle сынды алып компаниялар өз өндірісінде халал өнімдеріне ерекше назар аудара бастаған. Бұл ең алдымен мұсылман тұрғындары көп шоғырланған аймақтарға арналып отыр.
«Халал өндірісі әлеуметтік экономиканың бөлінбес бөлшегі саналады, ол қоғамдық үдерісті қамтамасыз етеді. Біз халалды бір бүтін және ғаламдық концепция ретінде көреміз. Халал ас біздің деніміздің сау, өміріміздің жақсы болуына ықпал жасайды» деп мәлімдеді Халал институты жетекшісі Изабель Ромеро конференция делегаттарына.
ummet.kz-ақпарат