Қырғыз республикасында кезекті жас отбасы қалыптасқан той салтанатынан бас тартып, қайырымдылыққа үн қосты.
Игі дәстүрлі алғаш рет Түркияда отау көтерген жас жұбайлар бастаған еді. Олар салтанатты той рәсімінің орнына, 4 мың сириялық босқынға дастарқан жайып, көпшіліктің алғысын алды.
Бұл эстафетаны Канаданың Торонто қаласы тұрғындары жалғастырды. Мұнда жас жұбайлар өз тойларын қарапайым ғана өткізіп, қаражатты босқындарға көмек көрсететін ұйымдарға аударды.
Мұнан кейінгі кезекте Ұлыбританияда үйленген жас отбасы интернет арқылы босқындарға көмек көрсету бойынша кампания құрып, ізгілікке үн қосты. Ал өздерінің бал айын Францияның Кале ауданындағы босқындар лагерінде қайырымдылық жасаумен өткізді.
Қырғызстанның Талас қаласында шаңырақ көтерген отбасы тойға жұмсалар бар қаражатта 30 отбасыға қыстық киімдерге арнады. «Олар қаражатты тойға емес, көп жастарға үлгі ретінде үкіметтік тиісті уәкілдік ғимаратына келіп, мұқтаж отбасы балаларына қыстық киім алуға беру туралы шешім шығарды» дейді акция ұйымдастырушыларының бірі.
ummet.kz-ақпарат