Ораза ұстау адам миының жұмыс жасау қабілетін арттырады. Бак атындағы кәрілікті зерттеу институты мамандары осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Medical Daily.
Зерттеуші ғалымдар ми қызметі мен ашығу арасындағы байланысты зерделеді. Тәжірибе нәтижесінде мамандар ашығу кезінде ми жұмысы жақсара түсетінін анықтаған. Мәселен, егер тамақтанбаған жағдайда миға бұлшық ет жасушалары мен нейрон аралығын байланыстыратын синоптикалық белсенділіктің төмендегені сезіледі. Басқаша айтқанда, ми осы уақытта «қайта қуаттану» режиміне өтетін көрінеді.
ummet.kz-ақпарат