28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Индонезия президенті қираған мешіттерді қалпына келтіруді бұйырды

Жаһан
Жарнама

Индонезия президенті жер сілкінісіне ұшыраған Ачех провинциясында болып, 6,4 балл зілзаладан қираған мешіттерді қалпына келтіру туралы бұйрық берді. 

Апатты жағдайларға әзірлікті қамтамасыз ету жөніндегі Ұлттық агенттіктің (BNPB) мәліметінше, 7 желтоқсан күні орын алған жер сілкінісінен 100 адам қаза тапқан. 14 мешіт пен 11 мыңнан аа үй қираған.

Аймақты дүр сілкіндірген жағдайға қарамастан Пиди-Джайя округының орталық мешіті қайғыға тап болған көптеген тұрғындарға баспана болды.

«Мен Ат-Такарруб мешітін қайта тұрғызу туралы шешім шығардым. Біз бәріміз бірге еңбек етеміз. Инша Алла, біз үйінділерді тазалауды бастаймыз» дейді ел президенті Джоко Видодо халықпен кездесу кезінде.

Республиканың әскерилері мен құқыққорғау органы тұрғындарға гуманитарлық көмек таратып жатқан тұста президент Джоко орынбасарларымен бірге өңірдегі ауруханаларды аралап, зілзаладан зардап шеккен адамдармен кездесті. Ұлттық агенттіктің хабарлауынша, апат салдарынан 23 мың адам баспанасыз қалған. Қазіргі уақытта ведомство апатты аймаққа 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізген.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: