28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Петерборда халал дәріхана ашылды

Жаһан
Жарнама

Халал стандарттарына сәйкес тұңғыш фармацевтикалық сауда кәсіпкерлігі Санкт-Петербург қаласында пайда болды.

Халал дәріхана Ресейдің Солтүстік орталығының Соборлық мешітіне жақын маңда ашылған. Бұл дәріхананың өзгелерден айырмашылығы – мұнда құрамында доңыз майы, алкоголь және шариғат талаптарына сәйкес емес жолмен сойылған жануар майлары қосылмаған дәрі-дәрмектер сатылады. Ал қызметкерлерге қойылар талап – бірнеше тілді меңгеру. Бұл қатарда татар және Кавказ халықтарының тілін білу құпталады.

Халал дәріхана желісіне қарайтын фармацевтикалық холдинг басшысы Эдуард Захрабековтың айтуынша, осы тектек дәріханаларға сұраныс артса, Санкт-Петербург қаласында тағы бірнеше сауда орындарын ашу жоспарға алынған. Қазіргі уақытта мешіттер мен құлшылық үйлері маңынан халал дәріхана орындарын ашу көзделіп отыр.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: