Әлемге әйгілі сәулетші, 2002 жылғы Притцкеровский марапатының лауреаты Гленн Меркат өзінің кезекті күрделі архитектуралық жобасын халықаралық дәрежеде қорғап шықты.
Притцкеровский марапаты – жыл сайын архитектура саласындағы жетістіктер үшін берілетін жоғары сый. 1979 жылы бекітілген бұл марапат Нобель сыйлығымен парапар келеді.
Гленн Меркат қолынан туындаған ғимарат өте ғажап: қамтитын жер көлемі шағын, құрылым автономды және өте мықты, заманауи стандарттардың барлығына сәйкес келеді, ал сыртқы көрінісі ерекше әдемі.
Австралияның Ньюпорт қаласында салынатын жаңа мешіт жобасы осындай. Оның қасбеті шыны әйнектерден құралады, бұл сырттағы адамдардың құлшылық жасаушыларды көруіне мүмкіндік береді.
«Таяу Шығыстағы қалыптасқан мешіт үлгілерін қайталағым келмеді. Оның үстіне қазіргі қоғамға жариялылық пен ашықтық, еркіндік аса қажет. Біз мұсылмандарға арналған әдемі ғимарат салғымыз келеді, мұнда мұсылмандар құлшылық етеді, ал өзге дін өкілдері бұл процесті сырттай қарап, осыған куә болады» дейді сәулетші Гленн Меркат. Сондай-ақ, ғибадат үйінің тағы бір ерекшелігі – мұнарасыз салынуы. Мешіт маңында мұсылман қауымына арналған кітапхана мен халал мейрамхана да бой көтермек. Жаңа мешіт 2017 жылы қолданысқа беріледі. Жоба авторлары заманауи мешіт қоғамдағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді шешеді деген үміт артады.
ummet.kz-ақпарат