Желіде адам сенгісіз видео тарады. Оны көріп, Алланың ұлылығына тағы бір мәрте көз жеткізесің. Видеоны көрген адам көз жасын жасыра алмайтыны анық.
Ауғандық кішкентай ұл бала аурухана кереуетінде жатып, наркоздан кейін түсінде намазға жығылып, Алла елшісі Мұхаммедті (с.ғ.с.) көреді. Оның түс көріп жатқанда жасаған әрекеттерін айналасындағы жақындары видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Baq.kz.
Бір қолы гипске ораулы Ибрагим есімді бала қолының сынғанына қарамастан Құран сүрелерін оқып, намазға жығылады. Кейін «Мұхаммед» «Мұхаммед пайғамбар!» деп, біреумен амандасқандай ишара білдіреді. Мұны қадағалап отырған туыстары түк түсіне алмай әлек. Анасы: «Ибрашка, не болды» деп жоқ жерден жылай бастаған ұлын тыныштандырмақ болады.
Кейін бала: «Елші Мұхаммед, қайда кеттің?» деп жылап, шошып оянады.
Қайда жатқанын түсіне алмай біраз абдырап қалған бала соңынан ата-анасына Алла елшісі Мұхаммедті (с.ғ.с.) көргенін айтады.
Осы видеоның соңына желі пайдаланушылары «баланың орнында мен болсам ғой, шіркін...», «машалла, бала жұмаққа барып келді» және тағы басқа таңданысқа толы пікірлерін қалдырыпты.
{youtube}eDUWM5qZFTA{/youtube}
ummet.kz-ақпарат