27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Сахараны қар басты (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Африка сахарасын соңғы 37 жылда алғаш рет ақ ұлпа қар басты.

Қар Алжирдегі Аин-Сефра шағын қалашығына жауған. Теңіз деңгейінен 1 000 мерт биіктіктегі қаланы «Шөл қақпасы» деп атап кеткен. Мұндай ерекше құбылыс бұл қалада 1979 жылы болған көрінеді. Онда, куәгерлердің айтуынша, қар жарты сағат қана жауған, ал бүгінгі қар күні бойы жауған екен.

Бұл аймақ үшін айрықша сәтті әуесқой фотограф Карим Бушетате түсіріп алған. Оның туындыналыр әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап кетті. Ал сарапшылардың пайымдауынша, қар жауыны – Сахара тарихында екінші рет орын алған құбылыс.

Sahara1

Sahara2

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: