Біріккен араб әмірлігі Дубай қаласындағы төрт бірдей метро стансасында смарт-дүкендер жұмыс істей бастады.
Аталмыш жобаны Дубай көлік-жол комитеті мен Etisalat телекоммуникация операторы бірлесе әзірлеген.
Мұндағы әрбір смарт-дүкенде тоғыз шаршы метр көлемдегі 3D-дисплей бар. Дүкен ассортименті түрлі азық-түліктермен толтырылған. Сатып алушылар оларды виртуалды түрде таңдап, жәшікке салады және банк картасы арқылы ақысын төлейді. Осыдан кейін тауар тапсырыс берушінің көрсеткен мекенжайына жеткізіледі.
ummet.kz-ақпарат