26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Дубай – рекордтар қаласы

Жаһан
Жарнама

Әлемнің үлкен әуежайларының бірі Дубай әуе хабы ең үлкен әуежайын тұрғызуды жоспарлайды.

Инветиция 35,7 миллиард доллардан асады, жаңа әуежайдың көлемі 12 шақырым шаршы метр. Мұнда жылына 220 миллион жолаушыларға қызмет көрсетуге болады.

Билік құрылыс жобасы 12 жылға жоғары сапада шыдас беретінін айтады. Соңғы бес жыл ішінде Дубайдың осы саладағы трафигі 13 пайызға артқан. Жолаушылардың жалпы саны 83 миллионды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 90 миллионға жетеді.

Maktoum International Airport әуежайы Әлемдік көрме-2020 қалашығына жақын маңда орналасады. 2025 жылы елдің басты Emirates әуе компаниясын көшіру жоспарланған. Компания кеңсесі  Dubai World Central орталығында орналасады.

Айта кетсек, бүгінде Дубай – рекордтар қаласы. Мұнда әлем бойынша ең биік ғимараттар, ең үлкен гүлдер бағы, ең ұзын метро, ірі сауда орталығы және ең ұзын дүкен арбашығы да бар. Гиннес рекордттар кітабы, тіптен, Дубай қаласынан ерекше жетістіктерді тіркеп отыру үшін арнайы өкілдігін ашты.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: