Ғалымдар ораза ұстаудың жаңа жетістіктері мен жемістерін әлі күнге ғылыми негізде дәлелдеп, жариялап келеді.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, ас-тағам жеп, су ішуден тыйылу адамның жұмыс істеу қабілетін айтарлықтай күшейтеді.
АҚШ ғалымдары жүргізген тәжірибеге Калифорния технология компаниясы қызметкерлері қатысты. Зерттеуге қатысушылар дүйсенбі күні кешкі уақыттан сәрсенбінің таңына дейін ас-судан тыйылған.
Нәтижесінде, ас ішуден тыйылған күннің ертесіне олардың еңбек қабілеті көтеріліп, креативті шешім қабылдай бастаған. Ғалымдар мұны адам миының тамақтан бас тартқан кезде тек жылдам жұмыс істеп қана қоймай, жасырын ресурстары да іске қосылуымен түсіндіреді. Мамандардың пайымдауынша, бұл адам баласы тоқтықта жүрген кезде байқала қоймайтын қосымша қуат көзі саналады.
ummet.kz-ақпарат