Соңғы жылдары шетел компаниялары мен әртүрлі елдердің мемлекеттік мекемелерінің маңызды іскерлік жиындары Мекке қаласында өтіп келеді.
Компания жетекшілері өздерінің ауқымды бизнес-кездесулерін (жылдық жиын, директорлар кеңесінің отырысы, т.б.) Меккедегі кіші қажылықпен қатар өткізеді. Бұл өз кезегінде корольдіктің мәртебесін көтеріп, сапалы қызмет жасауға жол ашады, сондай-ақ MICE өлшемі бойынша Таяу Шығыстағы қасиетті қаланы жоғары сатыға шығарады.
MICE – халықаралық іскерлік туризмінде жиі қолданылатын төрт кілтсөзден (Meetings-Incentive-Conferences-Events) тұратын термин.
Айта кетсек, Сауд Арабиясының ішкі нарығы 124 геометриялық прогреске өсті. UK Trade and Investment сарапшылары 2020 жылы халықаралық конференция, көрме, бизнес-кездесулердің басым бөлігі Сауд Арабиясында, оның ішінде мұсылмандардың қасиетті Мекке қаласында ұйымдастырылатынын айтады.
ummet.kz-ақпарат